30 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы күрт бұзылады. Синоптиктердің болжамынша, облыстың кейбір аймақтарында күн райы қолайсыз болмақ. Атап айтқанда, өңірдің батысы мен солтүстігінде күн күркіреп, қатты жаңбыр жауып, күшті жел тұрады. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Ал облыстың оңтүстігі мен шығысында түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі. Шығыстан және солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с-қа дейін жететін жел соғуы ықтимал. Ауа райының бұзылуына байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды аса сақ болуға, үйден себепсіз шықпауға және көліктеріңізді ағаштардың немесе бекітілмеген құрылымдардың жанына қоймауға шақырады.