Анкара. Есенбоға әуежайы. Құрмет қарауылы сап түзеп, мәртебелі мейманды қарсы алуға дайын тұр. Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған өзі қарсы алды.

Лидерлердің жылы жүздесуі қос елдің бауырластық қатынасын аңғартып тұрғандай. Одан соң екі ел басшылары әуежайда аз-кем әңгімелесіп, ресми сапардың маңызы мен мазмұны тоқталды.

Қазақстан мен Түркия көшбасшылары сапарды Анкара төріндегі Ата Түрік кесенесіне арнайы барып, зиярат етуден бастады. Одан соң Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше бизнес өкілімен жеке кездесті. Қазақстанның транзиттік ахуалын арттыру бойынша ірі жобалардың іске асырылу барысын талқылады.

СНХ: НҰРЛАН ЖАҚЫПОВ «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ


СНХ: ХУСЕЙН АРСЛАН YDA HOLDING КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ


Қазіргі кезең – адамзат тарихындағы аса маңызды бетбұрыс сәті. Әлем даму жолының жаңа бағытына қадам басып, бұрынғы басымдықтар мен сұранысқа ие салалар өз маңызын жоғалтып келеді. Бүгінде әрбір ел, әрбір өңір жаңа мүмкіндіктерді бағамдап, даму тұғырын қайтадан саралап жатыр,-деді саясаттанушы. Осындай кезеңде Түркі мемлекеттері де тың серпін алып, келешекті көздейтін ауқымды жобаларды қолға алуда.

СНХ ЖАНЕРКЕ ҚАЙРАТҚЫЗЫ САЯСАТТАНУШЫ


Жалпы, Көлік саласы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы жүк тасымалы тұрақты дамып келеді. Былтыр темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 14% өсіп, 4,8 млн тоннадан асты

СНХ:  МЕХМЕТ СЕЙФЕТДИН ЭРОЛ АНКАРА ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН САЯСАТТЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ


Былтыр Түркиядан Қазақстанға 598 млн доллар тікелей инвестиция тартылды. Бүгінде түрік кәсіпкерлерінің капиталымен құны 3 млрд. долл. асатын 80 жуық жоба жүзеге асрылып жатыр. Тағы 4,2 млрд. долларлық 39 жоба жуырда қолға алынбақ.

СНХ: БАУЫРЖАН ТҰРЛЫБЕКОВ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Түркия Қазақстанның негізгі сауда серіктесі. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша үздік төрттікке кірді. Тауар айналымы бір жылда 5 млрд. долларға жеткен. Түркия Президент сарайында өткен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулер кезінде лидерлер мен делегация мүшелері бұл көрсеткіштерді еселеу мәселесін талқылады.