Айыртау ауданындағы Шалқар мен Имантау көлдерінің маңындағы демалыс орындары бүгінде заманауи ғаламтормен қамтамасыз етілуде. Бұл қадам өңірдегі туризм саласының дамуына тың серпін беріп, табиғаты көркем аймаққа келушілердің қатарын арттыруға сеп болмақ.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажеттігін айтқан болатын. Сондай-ақ, жақын арада Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіріп, олқылық жіберген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.

СНХ: АСҚАР ДОСМАҒАНБЕТОВ, «ТРАНСТЕЛЕКОМ» АҚ «КӨКШЕТАУТРАНСТЕЛЕКОМ» ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ


Айыртау ауданындағы демалыс орындарына саяхаттап келушілердің саны жыл санап артып келеді. Сондықтан, туристерге қолайлы жағдай жасау басты назарда болуы қажет. Ең бастысы, интернеттің қолжетімділігі. Қазіргі таңда бұл мәселені шешу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.

СНХ: АСҚАР ДОСМАҒАНБЕТОВ, «ТРАНСТЕЛЕКОМ» АҚ «КӨКШЕТАУТРАНСТЕЛЕКОМ» ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ


Айта кетейік, 2026 жылдың соңына дейін Айыртау ауданындағы Шалқар мен Имантау көлдерінің маңындағы демалыс орындарын, ғаламтормен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.