Партиялық «Құқықтық көмек» жобасы аясында әлеуметтік осал топтарға тегін заңгерлік көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде. Жоба шеңберінде медиатор қызметтері, сондай-ақ білікті заңгерлер мен адвокаттар тарапынан мемлекеттік және сот органдарында сүйемелдеу қызметін қоса алғанда, кәсіби құқықтық қолдау көрсетіледі.
«AMANAT» партиясының бастамасымен қолға алынған бұл жобаға екі жыл болды. Осы уақыт ішінде жоба облыс орталығымен қатар, аудандарда да белсенді жүргізілуде. Жоба аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетіледі. Тұрақты комиссия құрамында ішкі істер органдарының ардагері, құқық қорғау саласында 30 жылдан астам еңбек өтілі бар Қанат Айтбаев бар.
СНХР: ҚАНАТ АЙТБАЕВ, «ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ
Бүгінгі құқықтық көмекке жүгінген 12 адамның қатарында «Солнечный дом» қоғамдық қорының құрылтайшысы Татьяна Делль де бар. Қор даун синдромымен ауыратын балаларды шығармашылық пен спорт арқылы қолдап келеді. Балалар екі жылдан бері жеңіл атлетикамен шұғылданып жүр. Қазір олар Түркі мемлекеттерінің чемпионатына – жеңіл атлетика мен үстел теннисі бойынша жарысқа дайындалуда. Осыған байланысты Татьяна Делль балалардың жол шығындары мен өзге де қажеттіліктеріне қаржылай қолдау көрсетуге өтініш білдірді.
СНХР: ТАТЬЯНА ДЕЛЛЬ – «СОЛНЕЧНЫЙ ДОМ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
Айта кету керек, Биылғы жылдың басынан бері 36 қабылдау өткізіліп, 168 азаматтың өтініші қаралды. Оның 46 пайызы оң шешімін тапты.