Жаңа оқу жылының басталуына бір айға жуық уақыт қалды. Биыл облыстың 35 білім беру нысаны 36 жоба бойынша күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Атап айтқанда 2 балабақша, 26 мектеп, 4 колледж, 3 қосымша білім беру ұйымы. Оның 11-і реновация аясында жаңартылуда. Айталық оның біреуі Петропавл қаласындағы 2000-ға жуық бала білім алатын №17 Ұлттық өркендеу орта мектеп кешені. Мұнда жөндеу жұмыстары мамыр айының соңында басталған. Ал қалған 10-ы аудандардағы білім беру мекемелері. Сонымен қатар, 59 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жөндеу жұмыстары осы жылдың 31 тамызына дейін толық аяқталады деп жоспарлануда.