Биыл Солтүстік Қазақстан өңірінің басты ақпараттық арнасы – Қызылжар телеарнасына 65 жыл толып отыр. Бұл – тұтас бір дәуірдің, талай журналистер мен шығармашылық топтың қажырлы еңбегінің жемісі. 65 жыл ішінде арна түрлі кезеңдерден өтті – қара ақ түсті бейнеден бастап, бүгінгі цифрлы форматқа дейін дамып, сан мыңдаған көрерменнің көңілінен шыға білді.

Мөлдір Шапашева – қазіргі таңда телеарнада «Сағыныш» бағдарламасының жүргізушісі. Көп жылдық тәжірибесі бар білікті журналист бұған дейін де бірнеше танымал жобаларды жүргізген. Олардың қатарында «Қайырлы таң» сазды-ақпараттық бағдарламасы, «Табыс кілті», «Автограф», «Қазақша үйренейік» және тағы басқа жобалар бар.

СНХ: МӨЛДІР ШАПАШЕВА, “ҚАЗАҚСТАН” РТРК” АҚ СҚОФ РЕДАКТОРЫ


Журналистиканың майталмандарын түлеткен арна – талай буынға тәлім беріп, өңіріміздің төл ақпарат кеңістігін қалыптастырды. Телеарнада Ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп жүрген Гүлнәр Калиева да өз естеліктерімен бөлісті.

СНХ: ГҮЛНӘР КАЛИЕВА, “ҚАЗАҚСТАН” РТРК” АҚ СҚОФ ШЕФ-РЕДАКТОРЫ


Айдарбек Балғабеков - журналистік жолын университет қабырғасында жүріп-ақ бастаған. «Қызылжар» телеарнасына студент кезінде келген. Мұнда тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен түрлі түсірілімдерге қатысып, жаңалықтар жүргізіп, кәсіби шеберлігін жетілдіре түсті. Уақыт өте келе білікті маманға айналған Айдарбек бүгінде «24 KZ» телеарнасының меншікті тілшісі қызметін атқарып жүр. “Арнадан кетсем де, «Қызылжардағы» әріптестеріммен әлі күнге дейін жақсы қарым-қатынастамын,” — дейді ол.

СНХ: АЙДАРБЕК БАЛҒАБЕКОВ, “24KZ” ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ МЕНШІКТІ ТІЛШІСІ


Қызылжар телеарнасының табысты тарихы – ең алдымен журналистердің, операторлардың, режиссерлер мен техникалық мамандардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Бұл жерде әрбір кадр, әрбір сюжет – жүрекпен жасалған дүние. Бұл мерейтой – өткенге тағзым, бүгінгі күнге ризашылық, келешекке сенім!