Петропавлда «Алтын Арман» базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Тұрғындар азық-түлікті нарықтағы бағадан 15%-ға арзанға сатып ала алды.Айта кетейік, биыл бұл жерде осындай 80-ге жуық жәрменңке өткізілді.

Жәрмеңкеге Айыртау, Тайынша, Шал ақын, Аққайың, Қызылжар және Мағжан Жұмабаев аудандарынан әкелінге өнімдер қойылды. Жалпы 25 түрлі тауар ұсынылды. Олардың қатарында ет, құс еті, сүт өнімдері және көкеністер бар.

СНХ: МҰРАТ ҚАХАБАЕВ, САТУШЫ


Биылғы жылдың басынан бері жәрмеңкелерде 116 тонна өнім мен 160 мың дана жұмыртқа сатылған. Айта кетейік, «Алтын Арманнан» бөлек, «Қызылжар» және «Дария» базарларында да сауда нүктелері жұмыс істейді.

СНХР:ВАЛЕНТИНА ГРИГОРЬЕВА, САТЫП АЛУШЫ


Апта сайын өткізілетін жәрмеңкелерге тұрғындар тұрақты түрде келіп, үлкен сұраныс танытуда. Жауапты мамандар санитарлық нормалардың сақталуын жіті назарда ұстайды.