Петропавлда Халық арасында «Қалыңдық үйі» атанып кеткен ғимарат қайта қалпына келтіріліп жатыр. Былтыр ғана нысанға жөндеу-реставрациялау жұмыстары жүргізілген болатын. Бірақ, қысқа уақытта кебір жерінен олқылықтар анықталған.

Республикалық маңызы бар архитектуралық ескерткіш модерн стильінде салынған. Бұл жобаның авторлары итальяндық сәулетшілер болған. Бірінші қабаты кірпіштен, екінші қабаты бөренеден тұрғызылған.

АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ:

- Халық арасында бұл үйге қатысты аңыз көп. Соның бірі - көпес Хамит Янгуразов Санкт – Петербургте жүрген кезінде бір бойжеткенге ғашық болып, үйленуге ниет білдіреді. Байдың ерке өскен қызы Петропавлдан дәл әкесінің үйіндей үй салса ғана көпеске тұрмысқа шығатынын айтқан.Ал, Янгуразов ол талапты орындайды.

СНХ: СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


Айта кетейік, 1 жыл бұрын ғана бұл ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, желтоқсан айында аяқталған болатын. Нысан не себепті қайта боялып жатыр деген сұраққа арнайы мамандар жауап берді.

СНХ: ӘЛИ ТҰРЫСОВ, СҚО "ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ МЕҢГЕРУШІСІ


Биыл облыста жалпы құны 512 млн теңгені құрайтын 3 нысанға қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.