Петропавл қаласының тұрғыны Александр Гончар 20 жыл ішінде 120-дан астам көне ашықхат, түрлі ғасырларға жататын 200-ге жуық монета мен 3000-нан аса винилді пластинка жинаған. Бұл - оның сирек кездесетін құнды жәдігерлерінің бір бөлігі ғана. Коллекционер заттарды металл іздегіштің көмегімен табады. Раритеттерге қызығушылығы бала кезден басталған.

Александр Гончар бала кезден коллекционерлікпен айналыса бастаған. Қала тұрғынының айтуынша, мектепке бара жатқанда жол бойынан сіріңке қораптарын жинайтын болған. Кейін солардың орнын тиындар, винилді пластинкалар және басқа да сирек заттар басты. Мәселен, мына ашықхат бір кездері Петропавлдан АҚШ-тың Филадельфия қаласына дейін барып, қайта оралған. 100 жылдан артық сақталған дүние қазір Александрдың туған қаласына арналған басқа да ашықхаттармен бірге альбомда орын тапқан.

СНХ: АЛЕКСАНДР ГОНЧАР, КОЛЛЕКЦИОНЕР


Әр заттың өз тарихы бар. Бұл – 1908 жылы түсірілген суреттер. Ол жылы көктемгі су тасқыны кезінде Петропавлдың етек жақ бөлігін су басып кеткен. Су тіпті қаланың басты шіркеуінің іргесіне дейін жеткен екен. Бір қызығы - тарих қайталанады. Су тасқыны болған сайын жер астынан түрлі көне заттар шыға бастайды. Ең қызығы - сол жәдігерлер керек адамға кездесіп отырады.

СНХ: АЛЕКСАНДР ГОНЧАР, КОЛЛЕКЦИОНЕР


Александрдың ерекше коллекциясы үнемі жаңа жәдігерлермен толықтырылып отырады. Көктем мен күзде ол достарымен бірге Балқаш аймағына барып, жаңа тарихи заттар іздейді. Жуырда Балқаштың оңтүстігінен табылған монеталардың бірі - 14 ғасырда жасалған қытай монетасы болып шықты.