Петропавлдағы кофеханалардың бірінде жергілікті суретшілердің көрмесі өтіп жатыр. Кофенің хош иісі мен жайлы атмосферада енді тек демалып қана қоймай, өнермен де етене жақын танысуға мүмкіндік бар. Қылқалам шеберлері әрбір туындыда қаланың көңіл-күйін, мінезін және рухын бейнелеген. Көрме 3 тамызға дейін жалғасады. Кіру тегін.
Қабырғаларда ондаған картина ілінген. Майлы бояумен салынған суреттер де, акварель де, түрлі техникалар қолданылған туындылар да бар. Мұнда қала көріністері, портреттер және тіпті абстракция да кездеседі. Барлық картинаны біріктіретін ортақ ерекшелік - әр туындыда Петропавл қаласының ерекше тыныс тіршілігі бейнеленген.
Көрме 3 тамызға дейін жалғасады. Кез келген адам келіп, өнер туындыларын тамашалай алады. Кейде қаланы жаңаша сезіну үшін, оны суретшілердің көзімен көру жеткілікті.