Петропавлда құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс өтті. Спорттық додада 12 команда бақ сынады. Айыртау ауданының полицейлерінен құралған команда жеңіс тұғырынан көрінді.
Солтүстік Қазақстанда құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада аясында «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өтті. Жарысқа 12 команда қатысты, оның төртеуі – аудандық полиция бөлімдерінен.
СНХР: НАРИМАН ӘКІШЕВ – СҚО ҚАЖД ҚЫЗМЕТКЕРІ
Спартакиада полиция қызметкерлерінің физикалық дайындығын арттырумен қатар, практикалық маңызы бар спорт түрлерін қамтиды. Шағын футбол – командалық жұмысты дамытуға мүмкіндік береді.
СНХР: АЗАМАТ БАБАЕВ – АЙЫРТАУ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ
Жарыста Айыртау ауданының полицейлері жеңісі жетті. Бірнеше жыл қатарынан үздік үштікке енген команда бұл жолы тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Екінші орынды – Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, ал үшінші орынды – облыстық полиция департаментінің командасы иеленді. Үздік қорғаушы атағын – СҚО ПД командасынан Ілияс Рашанов еншіледі. «Үздік шабуылшы» – ҚАЖ департаментінің атынан қатысқан Нариман Әкішевтің еншісіне бұйырды. Ал «Үздік қақпашы» номинациясында Айыртау ауданының өкілі Ілияс Құнанбай топ жарды.
СНХР: ГАЛИНА СКОРЫХ – «ДИНАМО» ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-СПОРТ ҚОҒАМЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Жалпы жарысқа 120-дан астам қызметкер қатысты. Дәстүрлі «Динамо» спартакиадасы – бұл жоғары спорттық рух пен саламатты өмір салтын насихатту спорттық іс-шарасы.