Аққайың ауданындағы Полтавка ауылының құрылғанына биыл 130 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде ауыл талай өзгерістерді бастан өткеріп, бүгінде көпұлтты тұрғындарының бірлігімен, еңбекқорлығымен өсіп-өркендеп келеді. Мерейтойға орай ауылда ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.

Полтавка ауылының тарихы XIX ғасырдың соңында, бұл өңірге украиналық Полтавадан қоныс аударушылар келген кезден басталады. Уақыт өте келе елдімекен өсіп, өркендей бастады. 1982 жылы мектеп директоры болып Темірхан Ыбыраев тағайындалып, ол бұл қызметті 15 жылдан аса уақыт атқарды. Оның айтуынша, осы кезеңде ауыл айтарлықтай өзгерген.

СНХР: ТЕМІРХАН ЫБЫРАЕВ – ПОЛТАВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ


Полтавка ауылының 130 жылдық мерейтойы күні таңнан көшелерде автошеру ұйымдастырылып, мерекелік іс-шаралар ауылдық клубта жалғасты. Мұнда жергілікті кәсіпкерлер мен ауылшаруашылық тауар өндірушілері өнімдерін ұсынды, ал фойеде естелік фотокөрме ұйымдастырылды. Сахна төрінде әсем әндер шырқалып, жүрекжарды құттықтаулар айтылды. Аққайың ауданының әкімі Жанар Құсайын тұрғындарды айтулы күнмен құттықтап, ауылдың дамуына үлес қосып жүрген жандарға алғысын білдірді.

СНХР: ЖАНАР ҚҰСАЙЫН – АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


Ауылдың дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар да ескерусіз қалмады. 70-жылдары Кемеңгер Әмрин «Полтавское» совхозында бас экономист болып еңбек жолын бастап, кейіннен директордың орынбасары қызметін атқарған. Оның жастық шағы, еңбекке деген адалдығы мен үлкен бастамалары Полтавкамен тығыз байланысты. Ауылдың 130 жылдығына орай Кеменгер Әмрин Аққайың ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

СНХР: КЕМЕҢГЕР ӘМРИН - АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ


Бүгінде ауыл экономикасының тірегі – 1997 жылы Елтай Зікірин негізін қалаған «Полтавское» ЖШС. Мұнда 100-ден астам адам еңбек етеді. 15 мың гектар алқапқа бидай, арпа, зығыр, қарақұмық, бұршақ, соя сынды дәнді және бұршақты дақылдар егілген. Сауын фермасында селекциялық жұмыстар нәтижесінде алынған асыл тұқымды сиырлар өсіріледі. Ал Нұртас Жүнісов еңбек жолын 1976 жылы «Полтавское» савхозында зоотехник болып бастаған. Оның айтуынша, қазіргі Полтавка адам танымастай өзгерген – бұл ауылдағы серіктестік пен тұрғындардың еңбегінің жемісі.

СНХР: НҰРТАС ЖҮНІСОВ – ПОЛТАВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ


Жыл сайын Полтавка ауылы жаңарып, көркейіп келеді. Халық саны 750-ден 870 адамға дейін артқан. Жергілікті ЖШС-терінің қолдауы мен ауылдық округ әкімі Ольга Семенюктің белсенді еңбегінің нәтижесінде ауылда балалардың сапалы білім алуына, рухани және мәдени дамуына барлық жағдай жасалған.

СНХР: ОЛЬГА СЕМЕНЮК - ПОЛТАВКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ


Бүгінде Полтавка ауылы қарқынды дамып келеді. Мұнда жаңа отбасылар көшіп келуде. Себебі жайлы өмір сүруге қажеттінің бәрі бар: тұрақты жұмыс, инфрақұрылым, білім беру мүмкіндігі және жаңа келген тұрғындарға барынша қолдау көрсетіледі. Бұл өлкенің басты байлығы – құнарлы жер мен еңбекқор халық.