С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинар тренинг өтті.
«Дін мәселелері бойынша білікті мамандарды даярлау» жобасы аясынд өткен семинардың басты мақсаты-діни салада ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетін мамандардың кәсіби деңгейін арттыру, сондай-ақ олардың әдістемелік және практикалық даярлығын нығайту.
СНХР: НҰРТАС НҰРМАҒАМБЕТ, СҚО ӘКІМДІГІ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Семинарға дін саласын зерттеу орталығы, құқық қорғау саласы қызметкерлері, теологтар мен психологтар және аудандарынан келген мамандар қатысты.
СНХР: ТОЛҒАНАЙ МҰСТАФИНА, ДІН МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ
Жұмыс түрлі мақсатта аудиториямен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге бағытталады, өйткені әр мақсатты топттың өзіне тән тәсілдері, белгілі бір форматтары және өз тілі бар. Мысалы, жастармен жұмыс істегенде немесе құқық қорғау органдары, мемлекеттік құрылымдардың өкілдерімен, дін жолындағы азаматтармен жұмыс істегенде – әр топтың өзіндік бағыты мен тақырыптары бар.
Дін мәселесі қазіргі қоғамда айрықша назарда. Себебі Қазақстан көпкөнфессиялы мемлекет. Дін аралық татулық елдегі тыныштықтың басты кепілі.