Халық драма театрының көрнекті режиссёры, саналы ғұмырын өнерге арнаған Надежда Окунева 75 жасқа толды. Осы мерейлі күнге орай театрда салтанатты концерт пен арнайы құттықтау кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға әріптестері, шәкірттері, мәдениет саласының өкілдері мен көрермендер қатысты.
Мерейтой иесінің театрға сіңірген еңбегі зор. Ол көптеген қойылымдарды сахналап, халықтың жүрегінен орын алған туындыларды жарыққа шығарды. Концерттік бағдарлама барысында әріптестері мен шәкірттері жылы лебіздерін білдіріп, Надежда Александровнаның кәсіби шеберлігі мен адами қасиеттеріне тоқталды.
СНХР: МҰХАМЕДӘЛИ ИСПАНОВ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ
75 жыл- бұл тек жас емес, бұл-мағынаға толы өмір жолының, адал қызметтің көрсеткіші. Надежда Александровна – халықтың шынайы құрметіне ие болған, театр өнерінің нағыз майталманы.
СНХР: НАДЕЖДА ОКУНЕВА ХАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ РЕЖИССЁРІ
Айта кету керек, биыл күзде аталмыш театр өзінің 105 жылдық мерейтойын атап өтпек.