№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде нашақорлықтың алдын алуға арналған кезекті іс-шара өтті. Облыстық полиция департаменті жанындағы нашақорлықтың алдын алу жөніндегі кеңес ұйымдастырған жиында оқушылар флешмоб билеп, дәріс тыңдады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында саламатты өмір салтын насихаттау, есірткі құралдарының зияны туралы түсінік қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу. Флешмобқа 40-қа жуық оқушы қатысты.

CНХ: ЛӘЗЗАТ ЖАЛМҰҚАНОВА, №17 ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУ ОРТА МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


Кейін акт залында арнайы мамандар оқушыларға нашақорлықтың салдары туралы дәріс оқыды. Мамандар өз баяндамаларында нақты деректерді, статистикалық мәліметтерді және өмірден алынған шынайы оқиғаларды келтіріп, есірткі заттарын қолданудың жасөспірімдер үшін аса қауіпті екенін қаперлеріне салды.

СНХ: ЗАРИНА ПОПОВА, СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ


Мамандардың айтуынша, мұндай алдын алу шаралары жасөспірімдердің есірткіге қарсы санасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Ұйымдастырушылар бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтады.