1 шілдеден бастап Алматы – Петропавл бағыты бойынша әуе рейстері субсидияланбайтын болады. Осы күннен бастап бұл бағыттағы рейстер коммерциялық негізге көшеді. Соған байланысты билет бағасы тариф пен сатып алу уақытына қарай 15 270 теңгеден басталады. Бұған дейін бір бағытқа билет құны 30 мың теңге болған. Ұшақтар бұрынғыдай аптасына бес рет қатынайды. Рейстерді «SCAT» әуе компаниясы орындайды. Ұшу ұзақтығы — екі сағат.