Бүгін Жеңіс саябағында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында “Экологиялық серпантин” атты квест-ойыны өтті. Қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен спорттық-экологиялық іс-шараға 60-тан астам оқушы мен студент қатысты.
«Таза Қазақстан» акция аясында жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 70-ке жуық іс-шара ұйымдастырылған. Бүгінгі жиында 8 адамнан тұратын 3 топ өзара жарысатын болады. Қыз-жігіттерге арнайы 6 тапсырма дайындалған.
СНХ: ДАМИР ӘБДИН, ПЕТРОПАВЛ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Сайыста жеңімпаз атану үшін қатысушылар білек күшін ғана емес, ойлау қабілеттерін де қосты. Негізгі шарт: берілген нұсқаулық арқылы, тапсырмаларды орындап, жасырынған жалауды іздеп табу.
СНХ: АҚЖОЛ МӘУЛЕТ, ҚАТЫСУШЫ
Сайысқа белсене қатысып, ептіліктерін көрсетіп, жеңімпаз атанғандарға сыйлықтар табысталды.