2025 жыл жұмысшы мамандықтары жылы деп жарпяланғаннан бері әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Бүгін Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Жұмысшы мамандықтары: бүгіні мен келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда жас буын өкілдері механизатор сынды жұмысшы мамандық иелерімен кездесіп, олардың кәсіби жолы мен еңбектегі тәжірибелері туралы жан-жақты мағлұмат алды.
Іс-шараға оқушылар, студенттер мен әскерилер қатысты. Олар 40 жыл бойы механизатор болып жұмыс істеген Орақ Шахановтың еңбек жолымен танысты. Зейнеткер таңдаған саласының қиыны мен қызығын әңгімелеп, қыз-жігіттерге бағыт-бағдар берді. Сондай-ақ, жиында құрылыс және радиомеханик пәні бойынша оқытушылар да баяндама оқыды.
СНХ: ОРАҚ ШАХАНОВ, ЗЕЙНЕТКЕР