Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Мұнда алдымен биылғы жылдың алғашқы төрт айындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары айтылды. Аталған кезең бойынша өңір экономикасы 6,2 пайызға өскен. Отырыста бұдан басқа балаларды жазғы демалыспен қамту және суға түсу маусындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

2025 жылдың 4 айдағы көрсеткіш бойынша өңірде сауда, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тұрғын үй және байланыс салаларында оң динамика байқалды. Ең жоғары өсім құрылыс саласында, яғни ол 29,1 пайызды құрайды.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Айта кетейік, бұған дейін кейбір аудан әкімдері инвестиция тартудағы төмен көрсеткіштері үшін сөгіс алған еді. Осыған сәйкес, өңір басшысы жауапты мамандарға экономикалық өсімді 7 пайызға дейін арттыру, инфрақұрылдымдық жобаларды уақытылы жүзеге асыру және жаңа инвест жобаларды тарту сынды нақты тапсырмалар берді. Ал, балаларды жазғы демалыспен және жұмыспен қамту туралы білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова баяндады.

СНХ: АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Балалардың жазғы демалысы орындарында 5 мезгіл тамақтану ұйымдастырылады. Жалпы, білім басқармасы басшысының айтуынша, мемлекеттік лагерьлерге жолдама құны 35 мың, ал сенімді басқарудағы лагерьлерге 60 мың теңгені құрайды.

СНХ: АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Сондай-ақ, қазіргі таңда өңірде шомылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыста барлығы 60 өзен және 2 мыңнан астам көл бар. Ал, 13 су айдынында адамдар демалатын 60 ресми демалыс орны белгіленген. Алайда, Уәлиханов, Ақжар, Тимирязев, Аққайың, Тайынша және М. Жұмабаев аудандарында арнайы демалыс орындары мүлдем жоқ, Бұл судағы қауіпті одан сайын арттырады.

СНХ: ЖОМАРТ АСҚАРОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫ


Өкінішке қарай, өңірде қабылданып жатқан іс-шараларға қарамастан соңғы 5 жылдың ішінде 50-ге жуық адам суға батып, мерт болды. Ал, биыл жыл басынан бері судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 5 адам әкімшілік жауапкершіліккке тартылды. Осы орайда, арнайы мамандар тұрғындарға барынша сақ болуды ескертеді.