СҚО полицейлері балалардың жолдағы қауіпсіздігін күшейтті. 20-26 мамыр аралығында Солтүстік Қазақстан облысында «Назар аударыңыз – балалар!» республикалық акциясы өтуде.

Шараның мақсаты – жазғы демалыс қарсаңында балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Жыл басынан бері өңір жолдарында балалардың қатысуымен 28 жол апаты тіркелді. Салдарынан 32 бала әртүрлі дәрежедегі жарақат алды. Осыған байланысты полиция профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Акция аясында мектеп автобустарының техникалық жай-күйі тексерілуде. Әсіресе, алғашқы көмек қобдишасының, өрт сөндіргіштердің болуы, жарық шамдарының, тежеу жүйесінің дұрыстығы және салонның жалпы жағдайы басты назарда. Акция 26 мамырға дейін жалғасады. Полиция қызметкерлері ата-аналар мен ересектерге: балалардың қауіпсіздігі – үлкендердің жауапкершілігі екенін ескертеді.

СНХР: Гаухар Рамазанова — СҚО ПД жергілікті полиция қызметінің инспекторы