Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар бірнеше автожолда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі — «Жезқазған – Петропавл» бағыты. Бұл учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Қазавтожол» компаниясы дайындықты қыс мезгілінде бастаған. Ал сәуір айынан бастап жол жөндеу науқаны іске қосылды. Қазіргі таңда жоба аясында 1000-нан астам арнайы техника мен 500-ден аса маман жұмылдырылған. Құрылыс материалдарымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында 9 асфальт-бетон зауыты жұмыс істеп тұр. Бұл құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуге мүмкіндік береді. Жолды жөндеу жұмыстары 2025 жылдың күзіне дейін аяқталады деп жоспарлануда. Жаңартылған тас жол өңірлер арасындағы көлік қатынасын жақсартып, жол қауіпсіздігін арттырады және жүргізушілер мен ел тұрғындары үшін жайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.
СНХР: ТАЛҒАТ СМАҒҰЛОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ