Облыс орталығындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде келесі оқу жылына 5-сыныпқа қабылдау науқаны басталды.

Бұл жоба бүгінде еліміздің барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жүзеге асырылып жатыр. Келесі оқу жылында біздің облысымыздағы аталмыш білім ошағында да ақылы түрде оқытылатын 5-сынып ашу жоспарлануда. Аталмыш сыныптарға қабылдау, емтихансыз тек сұхбаттасу арқылы жүргізіледі. Әр сыныпта шамамен 20 оқушыдан боламақ. Қазіргі таңда қазақ сыныбына 8, ал орыс сыныбына 12 өтініш келіп түскен.

СНХР: ДАНИЯР УӘЛИЕВ – НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


Ақылы сыныпқа төленетін қаржыға тек оқу құны ғана емес, сонымен қатар мектептегі үш мезгілдік тамақтану, барлық қажетті оқулықтар, үйірмелік сабақтар мен “Дарын” республикалық байқауына қатысу кезіндегі шығындар да толықтай енгізілмек. Оқу процесі Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Халықаралық Кембридж ұйымы бірлесіп әзірлеген арнайы «NIS Programme» бағдарламасы негізінде жүргізіледі.

СНХР: ДАНИЯР УӘЛИЕВ - НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


Білім ордасына келесі оқу жылына арналған қабылдау емтихандары өз мәресіне жетті. Оған түсуге ниет білдіргендердің саны 700-ге жуық. Үздік нәтиже көрсеткен 120 үміткерге грант тағайындалды. Сонымен қатар, көрсеткіші жоғары болған 129 оқушы резервтік тізімге енгізілді.