Теріскей төсі – қашан да диханшылық пен мал шаруашылығының ордасы болған өлке. Ондағы топырағы құнарлы, төрт түлікке шұрайлы жерлердің бірі Ақжар ауданы. Жайылымы кең сайын дала да шағын өзендер мен көлдер де жетерлік. Бұл мал ұстаймын деген жанға өте қолайлы. Аталмыш ауданда осыны ұтымды пайдаланып, бүгінде өз шаруасын дөңгелетіп отырған азаматтар аз емес. Солардың бірі Восход ауылындағы Қабдрахмановтар әулеті. Бүгінде олар зеңгі баба тұқымы қазақы Ақ бас сиыр өсірумен айналысады.

90-жылдардың тоқырауы талай жанның тағдырын өзгертті. Елде жұмыссыздық жайлап, ауыл тіршілігі тұралап қалған шақта– еңбекпен алға ұмтылған жандар аз болмады. Солардың бірі Ақжар аудандағы Восход ауылының тұрғыны, зейнеткер Тәжиден Қабдрахманов. Отбасын асыру тұрғысында ол талай істі бастап көреді. Алайда ең қолайлысы ата кәсіп мал өсіруге тұрақтапты.

СНХ: ТӘЖИДЕН ҚАБДРАХМАНОВ – ҚОЖАЛЫҚ БАСШЫСЫ


Қожалық қолда бар жергілікті төрт сиырдан бастау алады. Тәжиден Қабдрахманов оларды қазақы ақ бас бұқамен будандастырып, мал шаруашылығына білек сыбана кіріседі. Ондағы мақсат туған жердің тіршілігін түлету, әрі бұл істі отбасылық кәсіпке айналудыру болған.

СНХ: Тәжиден Қабдрахманов – қожалық басшысы


Төрт сиырдан басталған еңбек бүгінде 1,5 мың бас ірі қараны құрап отыр. Тынымсыз еңбек, қажырлы күш-қайрат пен маңдай тердің арқасында сынаптай сырғып өткен 10 жыл ішінде «Ырсалды» шаруашылығы асыл тұқымды мал фермасы статусын алып, бүгінде іргелі фермерлік қожалыққа айналды. Бүгінде оған Тәжиден ағамыздың ұлы Әскер Қабдрахманов басшылық етеді.

СНХ: ӘСКЕР ҚАБДРАХМАНОВ – ФЕРМЕРЛІК ШАРУАШЫЛЫҚ БАСШЫСЫ


Отбасылық кәсіп тек өздерінің ғана емес ауылдастарының да напақаларын табуларына мүмкіндік берді. Қазіргі күні мұнда 15 адам еңбек етеді.

СНХ: Әскер Қабдрахманов – фермерлік шаруашылық басшысы


Заман ағымынан қалмай жаңашылдыққа әрдайым бет бұрып, үнемі ізденіс үстінде болсаң одан пайда көрмесең жапа шекпесің анық. Осыны өзіне мақсат тұтқан Әскер Тәжиденұлы қазіргі күні қазақы ақ бас пен америкалық ангус тұқымын будандастыруды қолға алған.

Қазіргі күні өз ісін ашып, шаруасын дөңгелетіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесмін қосамын деушілерге мамлекет тарапынан әрдайым қолдау бар. Тек ерінбей еңбек етсең болғаны.