Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов Қызылжар ауданына барып, көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді. Ол шаруаларға қажетті барлық қолдау шаралары - қаржыландырудан бастап тыңайтқыштар мен техниканы жеткізуге дейін - алдын ала қабылданғанын атап өтті. Облыста жалпы егіс көлемі биыл 4 миллион гектардан асады.

СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов Қызылжар ауданының диқандарымен кездесті. Ол егіс маусымының басталуымен танысып, көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру желтоқсан айында басталғанын айтты. Қолдаудың барлық негізгі тетіктері іске қосылған. «Кең дала-1» және «Кең дала-2» бағдарламалары аясында 83 млрд теңге, ал ӘКК арқылы 37 млрд теңге қаржы бөлінген. Сондай-ақ тыңайтқыштар мен жеңілдетілген ЖЖМ жеткізу қамтамасыз етілген.

Марат Тасмағанбетов, СҚО әкімінің бірінші орынбасары:

Шаруалар биыл «ҚазАгроҚаржы» АҚ тарапынан да үлкен қолдау алған. Лизинг арқылы 400-ден астам техника, оның ішінде тұқым сепкіштер, тракторлар мен комбайндар берілді. Бағдарламаның ерекшелігі - жеңілдетілген шарттар: бастапқы жарна аз және жылдық мөлшерлеме небәрі 5 пайызды құрайды. Қаржыландыру мерзімі 7 жылға есептелген, ал бұл мүмкіндік отандық техника сатып алатын шаруалар үшін қолжетімді.

Ербол Аяғанов, «ҚазАгроҚаржы» АҚ СҚО филиалының директоры:

«Сервис-ЖАРС» ЖШС бүгінде жоспарланған алқаптың 25 пайызын сеуіп үлгерген. Шаруашылық жалпы 7 мың гектар жерді өңдейді. Мұнда рапс, зығыр, күнбағыс секілді майлы дақылдармен қатар, мал азығы да өсіріледі. Егіс жұмыстарына 70-тей адам мен 20 техника бірлігі жұмылдырылған.

Ғаббас Жантаев, «Сервис-ЖАРС» ЖШС директоры:

Айта кетейік, биыл егіс көлемі 4,4 миллион гектарды құрайды. Оның ішінде майлы дақылдардың егіс көлемі 86 мың гектарға ұлғаймақ. Бұл шаралар ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған.