Қызылжар ауданының прокуратурасы мен полиция бөлімі бірлесіп, нашақорлықтың алдын алуға бағытталған кең ауқымды акция өткізді. Онда оқушылар нашақорлықты насихаттайтын граффити мен бейнежазбаларды жойды.

Іс-шараға Бескөл ауылындағы төрт мектептен барлығы 40-қа жуық белсенді жасөспірім қатысты. Акцияның мақсаты – нашақорлықты насихаттайтын жазулар мен QR-код арқылы таралатын бейнежазбаларды өз қолдарымен өшіру. Мектеп оқушылары көшелер мен қоғамдық орындарда кездесетін граффитилерді бояп, зиянды сілтемелерді жойды. Мұндай нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шара аптасына бір рет тұрақты түрде ұйымдастырылады.

СНХ: АЙДОС ҚИЛЫКЕШОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ