Мамырдың 15-18 аралығында Ресей Федерациясының Омбы қаласында 2016 жас санатындағы балалар арасында Derby cup атты турнир өткен болатын. Халықаралық сайыста 7 команда кездесу өткізді. Өңіріміздің намысын қорғап барған «Жеңіс» командасының жас футболшылары жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жеңіспен оралды.
Турнирде Омбы, Өскемен және Петропавл қалаларынан келген футбол командалары сайысқа түсті. Футболшылар халықаралық жарысқа ұзақ әрі тыңғылықты дайындалған. Іріктеу кезеңі жарты жылдан аса уақытқа созылды.
ҚАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, «ЖЕҢІС» КОМАНДАСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:
Солтүстікқазақстандық футболшылар барлық алты ойында да сенімді жеңіске жетті. Әсіресе соңғы минуттарда соғылған шешуші голдар есте жақсы сақталды. Сондай-ақ, балалардың бірқатары үздік ойыншы, үздік қорғаушы атағына да лайық деп танылды.
ЕРСҰЛТАН ҚАЙРАТ, DERBY CUP ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:
АЙДОС АМАНГЕЛДІ, DERBY CUP ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:
Қазір командада қысқаша үзіліс. Балалар оқу жылын аяқтағаннан кейін алдағы жарыстарға дайындықты жалғастырады. Маусым айында Петропавлда өтетін жасөспірімдер кубогында ойын өткізеді.