Петропавл қаласының пробация қызметінде 350 адам есепте тұр. Олардың 125-іне электронды білезік тағылған. Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар қандай? Құрылғы кімдерге беріледі, Қалай бақыланады?
Электрондық білезіктер бас бостандығын шектеуге және шартты түрде сотталғандарға, жазаны өтеу тәртібін бұзғандарға қолданылады. Сотталған адам өз ортасында қалып, күнделікті өмірін жалғастыра береді, ал құрылғы оның жүрген жерін нақты бақылап отырады.
Снх: ВЛАДИСЛАВ ПОПОВ, СОТТАЛҒАН:
Электронды білезік сотталғандаға бақылау жасауға, тұрғылықты мекенжайын тастап кетпеуге, қайта жасауы мүмкін қылмыстың алдын алуға септігі мол. Білезік тағылған сотталғандарды пробация инспекторлары арнайы планшеттер арқылы бақылайды. Егер сотталған жаза өтеу тәртібін бұзса, немесе білезікті өздігінен шешуге тырысса дабыл сигналы тәрізді белгі түседі.
Снх: ӘСЕМ ҒАБДУЛЛИНА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПРОБАЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Зкт: Биыл білезікті бүлдірудің 20 фактісі бойынша ескерту берілді. Егер осы құқық бұзушылық қайталанатын болса іс сотқа жолданады. Айта кетейік, электрондық білезіктер қайталанатын қылмыстардың алдын алуға, күмәнді әрекеттерге уақытында әрекет етуге мүмкіндік береді.