Облыс орталығындағы К. Сафин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 2009–2010 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан “Жас Ұлан” республикалық турнирі өтті. Жарыста шаршы алаңда сексеннен астам былғары қолғап шебері өнер көрсетті.

Аталмыш турнир Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан, дүниеден өткен жаттықтырушыларды еске алуға арналды. Жарыста еліміздің алты өңірінен келген 85-ке жуық жас спортшы қолғап түйістіріп, шаршы алаңда өз бақтарын сынады.

СНХР: АНТОН ЛОПАТИН, К. САФИН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ


Павлодар облысынан келген Балғабек Әмірхан – 44 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жасөспірім бола тұра, оның көзінде — жеңіске деген жігер, ал жүрегінде — нағыз спортшыға тән қайсарлық бар.Турнирге тыңғылықты дайындалып келген боксшыдан жарыстан алған әсері мен болашақ армандары жайлы сұрап білдік.

СНХР: БАЛҒАБЕК ӘМІРХАН, ЖАС БОКСШЫ, ПАВЛАДАР ОБЛЫСЫ


Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын турнир жас былғары қолғап шеберлерінің шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік берді. Жарыс барысында болашағынан үміт күттіретін боксшылар анықталып, үздіктер марапатталды.