Жыл басынан бері өңірде 200-ге жуық өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 15 адам мерт болды. Мамандардың айтуынша өрттің басты себебі- адамдардың қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан орын алып жатады. Сондай-ақ биыл дала өрттері де артқан. Бұл туралы облыстық ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Солтүстік Қазақстан облысында өрт қауіпсіздігіне қатысты жағдай алаңдатарлық. 2025 жылдың басынан бері өңірде 197 өрт оқиғасы тіркеліп, 15 адам мерт болды, оның ішінде 3-уі бала бар. Тағы 16 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған. Мамандардың айтуынша, қайғылы жағдайлардың басты себебі — өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы. Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Департамент тарапынан алдын алу шаралары күшейтілді.
СНХР: ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Дала өрттері де күрт артқан – 29 оқиға тіркеліп, 283 гектар жер отқа оранды. Құрғақ шөптің жануы 410 гектардан асты.
Өрттің алдын алу мақсатында 55 мобильді топ 418 рейд өткізіп, 78 адам әкімшілік жауапқа тартылды.
СНХР: ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Биыл Ғабит Мүсірепов ауданында баланың ашық тұрған терезеден құлап, жарақат алу дерегі тіркелді. Осыған байланысты СҚО Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі тарапынан кәмелетке толмағандар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
СНХР: САҒИДОЛЛА ИТЕКБАЕВ, СҚО ПД ЖПҚБ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Төтенше жағдайлар және полиция департаменті өкілдері тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.