Өңірде егіс жұмыстары жүріп жатыр. Аққайың ауданында жұмыс жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Биыл «Санта-Мария» ЖШС 9 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді жоспарлап отыр. Оның басым бөлігі – бидай.

«Санта-Мария» ЖШС 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда мал шаруашылығымен қатар, егіншілік те дамыған. Биыл 9 мың гектар алқапқа егіс егу жұмысы жүргізілмек, оның 3,5 мың гектары – бидай. Қалғаны – арпа, сұлы, күнбағыс, бұршақ пен жүгері. Өткен жылы диқаншылар әр гектардан 23 центнерді құрайтын жақсы өнім алған. Биыл бұл көрсеткішті 30 центнерге дейін жеткізу жоспарланған.

СНХ: ЯКОВ ЛЕОНОВ, ЖШС ДИРЕКТОРЫ


Қазір ауыл шаруашылығын дамыту және егістіктен мол өнім алу үшін мемлекет тарапынан қолдау бар. Осының арқасында шаруашылық «Солтүстік» ӘКК және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жалпы сомасы 1 млрд 200 млн теңге жеңілдетілген несие алған. Жұмысшылардың орташа жалақысы – 450 мың теңге. Болат Оспановтың жер шаруашылығында 15 жылдың тәжірбиесі бар. Ол биыл бригадир атанды.

СНХР: БОЛАТ ОСПАНОВ, ЖШС БРИГАДИРІ


Биыл облыстағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 4,4 млн гектарды құрайды. Оның ішінде: дәнді дақылдар – 3,3 млн га, майлы дақылдар – 760 мың, мал азықтық дақылдар – 392 мың гектар, картоп – 6,5 мың, көкөністер – 1,3 мың гектарды құрайды. Аққайың ауданындағы егіс көлемі 221 мың гектар.