Ішкі істер министрі балалар лагерлерін осал нысандар қатарына қосуды ұсынды. Ержан Сәденовтің айтуынша, қазір жазғы демалыс орындарындағы күзеттің нақты стандарты жоқ. Ал, арнайы тізімге енген соң балалардың қауіпсіздігі ерекше бақылауға алынбақ. Одан бөлек, министрлік «Назар аудар, балалар!» атты жедел алдын алу шарасын бастаған. Оның негізінде мектептер мен жазғы демалыс орындарының маңайындағы бақылау күшейтіліп, оқушылар көп жүретін жолдағы инфроқұрылым қайта жаңартылады. Ал, Премье- министр балаларды басқа елдімекендерге тасымалдау кезіндегі жаңа талаптардың енгізілетіндігін айтты.
СНХ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ