Смирнов №2 мектеп-гимназиясының оқушыларына мерзімді әскери қызметтің артықшылықтары туралы айтылды. Қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері мен СҚО мәслихатының мамандары жастардың сұрақтарына жауап беріп, оларға естелік сыйлықтар табыстады.
Әскери қызмет-ер азаматтың өміріндегі ең күрделі әрі есте қалатын кезеңдердің бірі. Қазіргі әскери қызмет туралы біліммен қаруланған, моральдік және физикалық тұрғыдан дайындалған жас сарбаз бұл кезеңді әлдеқайда жеңіл өткере алады. Аққайың ауданының орталығы Смирново ауылында Смирнов №2 мектеп-гимназиясының «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының мүшелерімен үгіт-насихат кездесуі өтті. Мұнда Қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері жастарға әскери қызметтің қыр-сырымен таныстырып, оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
СНХР: ТИМУР ӘЛЖАНОВ, «СҚО ЖАСТАР МӘСЛИХАТЫ» ҚБ төрағасы
Қазақстан жастарының әскерге дейінгі дайындығы-патриоттық тәрбиенің маңызды бөлігі. Бұл бағыт бірнеше мақсатты көздейді: елдің қорғаныс қабілетін нығайту, тұрақты мықты әскер құру және отаншыл ұрпақты тәрбиелеу. Кездесу барысында ерекше белсенділік танытқан оқушылар марапатталды. Олардың қатарында Милана Шведова да бар.
СНХР: МИЛАНА ШВЕДОВА, мектеп оқушысы
Қазіргі Қазақстанда әскери қызметтің беделін арттыру-басты міндеттердің бірі. Елде жастарды әскерге тарту және мектеп жасынан бастап әскери қызметке қызығушылық қалыптастыру бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде.