23 мамырда оқушылар үшін оқу жылы аяқталады. Облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова оқу жылының аяқталуы, республикалық сынып сағаты, емтихандар мен ҰБТ қалай өтетінін айтып берді.
2024–2025 оқу жылында СҚО-да 444 мектеп жұмыс істеді, онда шамамен 74 мың оқушы білім алды. 11-сынып түлектері үшін салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылады. Ал аттестаттар 18–20 маусым аралығында табысталады. Биыл облыста «Алтын белгіге» үміткер 122 оқушы бар. 26 мамырдан бастап 5–8 және 10-сынып оқушылары үшін емтихан сессиясы басталады. 9 және 11-сыныптар үшін қорытынды аттестаттаудың бөлек кестесі бекітілген. Ал 16 мамырдан 4 шілдеге дейін бірыңғай ұлттық тестілеудің жазғы кезеңі өтеді. Бұл тестілеуге қатысу – білім беру грантын алудың міндетті шарты.
СНХР: АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ