Петропавлда ҚР Парламенті Сенатының шахматтан 2-ші ашық кубогы өтті. Екінші жыл қатарынан өтіп жатқан турнирге мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер, депутаттар, қоғамдық кеңестердің мүшелері қатысты. Негізгі мақсаты – елімізде бұқаралық шахмат ойынын одан әрі дамыту.

Оқушылар сарайында өткен турнир 80-ге жуық қатысушының басын қосты. Шахматтан әуесқой ойыншылар облыстың түкпір-түкпірінен жиналған. Бейсен Құлшықов жасы 80-ге таяса да шеберлігін шыңдаудан жалықпай, қарсыластарына лайықты ойын көрсетті.

СНХ: БЕЙСЕН ҚҰЛШЫҚОВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ


Ойын швейцариялық жүйе бойынша 9 турмен өтеді. Іріктеу турнирлерінің нәтижесі бойынша 35 үздік ойыншы жартылай финалға, одан кейін финалға өтеді. Жалпы, елімізде спорттың бұл түрі соңғы жылдары жақсы дамып, қызығушылық артып, түрлі деңгейдегі жарыстар жиі ұйымдастырылып келеді.

СНХ: ДАСТАН КАПАЕВ, ШАХМАТТАН МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ


Іріктеу турнирлерінің жеңімпаздарына медаль мен дипломдар табыс етілді. Бүгінгі сайыста анықталған