Облыста туберкулез дерегі тіркелді. Ауру ошағы білім беру ұйымынан анықталды. Қазір бұл жағдайға қатысты тиісті мамандар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылының №1 орта мектебінде туберкулез жағдайы тіркелді. 6-сынып оқушысы бұл дертпен 2021 жылы ауырып, 2022 жылы толық емделіп шыққан. Алайда 2025 жылдың көктемінде ауру қайта қозып, оқушыға рецидив диагнозы қойылды. Қазір тиісті мамандар эпидемиологиялық тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

СНХР:АРМАН КҮШБАСОВ, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Қазіргі таңда облыста мектеп оқушылары, мұғалімдер мен техникалық қызметкерлер санитариялық-эпидемиологиялық тексеруден өтіп жатыр. Облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова бұл жағдайға байланысты оқушыларды қашықтан оқыту форматына көшіруге ешқандай негіз жоқ екенін айтты.

СНХР:АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ БАСШЫСЫ


Айта кетейік, науқаспен 1000-нан астам адам байланыста болған. Олардың барлығына Манту сынамасы немесе флюорография әдісі арқылы тексеру жүргізілу үстінде. Қоғамдық денсаулық сақтау мамандары аурудың алдын алу мен бақылауға баса мән беріп отыр.