Петропавлда Қожаберген Жырау атындағы №6 орта мектепте 5-6 сынып оқушылары арасында республикалық пәндік олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Бұл кезең өңірдің 6 ауданынан келген дарынды, білімге құштар оқушыларды біріктірді.
Олимпиадада оқушылар математика, жаратылыстану, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша білімдерін сынады. Қорытынды кезеңге әр үздік оқушылар іріктеліп, олар өз білімдерін дәлелдеуге мүмкіндік алады.
СНХР: ИЛЬВИРА ИЛЬЯСОВА, «ҚЫЗЫЛЖАР ДАРЫНЫ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ
Олимпиадаға қатысушылар 30 сұраққа 90 минут ішінде жауап беріп, өз білімін дәлелдеуге тырысты. Білім сайысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында барлық облыстарда олимпиаданың өту барысы YouTube платформасында тікелей эфирде көрсетілді.
СНХР: АЙЫМ ТӨЛЕГЕН, КІШКЕНЕКӨЛ №2 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 6 «А» СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Жеңімпаздар 5-сынып және 6-сынып оқушылары арасында жеке анықталады. Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысының оқушылары республикалық кезеңде жақсы нәтижелер көрсетті. Үш оқушы I дәрежелі диплом иегері атанса, екі оқушы II дәрежелі дипломмен, тағы үш оқушы III орынды иеленді. Сонымен қатар, бес қатысушы сертификаттармен, ал үш оқушы құрмет грамоталарымен марапатталды. Бұл жетістік биылғы қатысушыларға да жаңа жеңістерге жетуге шабыт береді.