Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына орай Достық үйінде "Екі жұлдыз" байқауы өтті. Шығармашылық сайыста өнерге бір табан жақын әуесқой орындаушылар жұптасып, дуэт орындады. Ерекшелігі – әр жұп өзге тілде ән шырқап, этностар арасындағы достықты дәріптеді.
«Екі жұлдыз» вокалдық байқауы облыс көлемінде осымен 2-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Сайысқа Шал ақын және Аққайың аудандарының өнерпаздары, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
СНХ: СВЕТЛАНА БАЕВА, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ ЖЕТЕКШІ САРАПШЫСЫ
Байқауға қатысушылардың арасында балалар да, ересектер де бар. Кейібірінің ән айтудан тәжірибесі болса, кейбірі сахнаға алғаш рет шығып тұр.
СНХ: ГҮЛБАХША МҰСАБАЕВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ
Сайыстың нәтижесінде қатысушылар 1, 2, 3 орын және Гран- При иеленіп, арнайы мадақтамалар, естелік сыйлықтармен марапатталды.