Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Prosol Spa» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Адальберто Вилла және атқарушы директоры Даниэле Бонвичинимен кездесу өткізді. Итальяндық серіктестер «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағында мал азығына арналған ашытқы өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асыруда. Жобаға 3 миллиард теңге инвестиция салу жоспарланған. Кәсіпорын жылына 3 мың тонна өнім өндіріп, 40 жаңа жұмыс орнын ашады.