Президент көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады.
Мемлекет басшысы Қуаныш Сұлтанұлын сексен жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қайраткердің елімізді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Жазушылық қырына тоқталып, еліміздегі саяси және қоғамдық үдерістер жайында көптеген еңбек жазғанына назар аударды. Тәуелсіздік жылдарындағы қызметін, министрлік, дипломатиялық және парламенттегі еңбегіне де тоқталды.
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
СНХ: ҚУАНЫШ СҰЛТАНОВ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ