Елімізде бедеулік мәселесін шешуге бағытталған «Аңсаған сәби» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Соңғы төрт жылда облыста аталған бағдарлама арқылы 700-ден астам экстракорпоральды ұрықтандыру жүргізіліп, 297 сәби дүниеге келген. Биыл өңірімізде бала сүюге кезекте тұрған отбасылық жұптардың саны — 92.

Бедеулік ерлер мен әйелдерде бірдей кездеседі — әрқайсысында 50 пайыздан. Ер адамдардың бала сүю қабілеті көбіне екі нәрсеге байланысты, жыныстық күш-қуат пен сапалы ұрық түзілуі. Бірақ осы жүйеге әсер ететін кері себептер көп. Мысалы, дұрыс тамақтанбау, зиянды әдеттер, стресс пен қоршаған орта жағдайы ер адамның денсаулығына кері ықпал етуі мүмкін.

СНХ: ВИКТОР ПРОЦЕНКО — СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШТАТТАН ТЫС РЕПРОДУКТОЛОГЫ


Репродуктолог Виктор Федоровичтің айтуынша, көп жағдайда ем-дом мен қажетті тексерулер бедеулік диагнозын жеңілдетуге көмектеседі. Қазақстанда 2021 жылдан бастап іске қосылған «Аңсаған сәби» бағдарламасы еліміздегі бедеулік мәселесін шешуге бағытталған маңызды әлеуметтік бастама. Бұл – бала сүюді армандаған мыңдаған отбасы үшін үлкен мүмкіндік. Соңғы 4 жылда облыста 700-ден астам экстракорпоральды ұрықтандыру жүргізілген.

СНХ: ВИКТОР ПРОЦЕНКО — СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШТАТТАН ТЫС РЕПРОДУКТОЛОГЫ


2025 жылдың бірінші жартыжылдығына 60 ЭКҰ квотасы бөлінді. Қазіргі таңда оның 58-іне әйелдер қатысып жатыр. Ал «Аңсаған сәби» бағдарламасына кезекте тұрған отбасылық жұптардың саны — 92.