Петропавлдв «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында панельдік пікірталас өтті. Бұл іс-шараны СҚО әкімдігінің білім басқармасы «Психологиялық қолдау орталығы» мен қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған.
Өңірде психологиялық қолдау көрсету орталығы жұмыс істейді. Оның мамандары өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға, ата-аналар мен мұғалімдерге көмек көрсетеді. Бүгін дәл осы орталық жасөспірімдерге арналған маңызды іс-шара ұйымдастырды. Жиын барысында кәмелетке толмағандарға заң талаптары түсіндіріліп, балаларға қатысты алаяқтық пен буллингтің кең таралған түрлері туралы айтылды. Айта кетейік, орталық ашылғаннан бері оның мамандары 1600-ден астам балаға көмек көрсеткен.
СНХР: НАТАЛЬЯ КАЧАЛКИНА, «ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КММ ДИРЕКТОРЫ
Қазір қоғамда интернет алаяқты фактісі жиі кездеседі. Ересектер де, жастар да олардың қақпанына оңай түсіп жатыр. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жыл басынан бері 217 дерек тіркелген, оның жартысына жуығы жасөспірімдердің қатысуымен болған.
СНХР: МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ, СҚО ПД КИБЕРҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
Бүгінгі іс-шараға Петропавл қаласының барлық 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Айта кетейік, мамандар жасөспірімдер мен жастар арасында мұндай іс-шараларды жиі өткізіп тұрады.