Солтүстік Қазақстан облысының Іскер әйелдер қауымдастығы Жеңістің 80 жылдығына орай ерекше игі іс бастады. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Петропавл қаласындағы ескі саябақта 20 түп кең жапырақты қарағаш көшетін отырғызып, жаңа аллея ашты. Өңірлік іскер әйелдер қауымдастығының мұрындық болуымен өткен іс-шараға арна тілшілері де қатысып қайтты.
Көне саябаққа — жаңа тыныс. Іс-шараға сондай-ақ іскер әйелдер қауымдастығының Есіл, Жамбыл, Шал ақын және Тимирязев аудандарындағы өкілдері де белсене қатысып, өз аудандарында ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді.
СНХР: РӘЗИЯ ЫДЫРЫСБАЕВА, СҚО ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
Айта кетейік, Разия Нижатқызы СҚО Іскер әйелдер қауымдастығына төрайым болып жақында тағайындалды. Ол қауымдастықтың алдағы жұмысын экология, әйелдердің белсенділігі және әлеуметтік жобаларға бағыттауды көздеп отыр. Іскер әйелдердің бұл бастамасы өңірдегі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамның белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Бүгінде облыста Іскер әйелдер қауымдастығының құрамында 50-ден астам әйел бар. Олар — кәсіпкерлікпен қатар, қоғам өміріне де белсене араласады. Әрдайым әлеуметтік, мәдени және экологиялық бастамалардың басы-қасында жүреді.
СНХ: САМАЛ ҚАРИЕВА- СҚО ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Табиғатқа жанашырлық танытып, ел тарихына тағзым еткен бұл бастама — келешек ұрпаққа өнеге. Мұндай игі істер қоғамның табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, келешек ұрпаққа жасыл әрі таза қоршаған орта қалдыруға септігін тигізеді.