Облыстық кітапханада Жеңістің 80 жылдығына арналған конференция өтті. Іс-шараға әскерилер, музей мамандары, соғысқа қатысқан майдангерлрдің туыстары мен жас буын өкілдері қатысты. Конференция барысында қатысушылар соғыстың маңыздылығы, халқымыздың ерлігі мен төзімділігі туралы баяндамалар оқыды.

Жеңістің 80 жылдығына арналған бұл іс-шара — соғыс ардагерлерінің ерлігін ұлықтап, жас ұрпақтың тарихи жады мен патриоттық рухын нығайтуды мақсат еткен маңызды кездесу болды. Іс-шара барысында тарихи баяндамалар оқылды.

СНХ: МАРАТ МӘЛІБАЕВ, ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ


Конференцияға 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлері мен басқа да майдангерлердің ұрпақтары мен жақындары арнайы шақырылыпты. Олар өз ата-әжелерінің соғыс кезіндегі ерліктері туралы естеліктерімен бөлісті.

СНХ: ЛЮБОВЬ ГУДЕНКО, ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІНІҢ НЕМЕРЕСІ


Сондай-ақ, кітапхананың кіреберісінде соғыс жылдары туралы сыр шертетін кітаптардан көрме ұйымдастырылып, келушілерге майдан мен жеңіс тақырыбында құнды деректер мен естеліктер ұсынылды.