Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин Кремльде қарсы алды. Бұдан соң лидерлер, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Қызыл алаңға беттеді.
Президент парадқа қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті. Әскери шеруге Қазақстаннан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты. Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.