Жеңіс саябағында да сұрапыл соғыста опат болған ардагердердің рухына тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды. Жиынға түрлі қауымдастық пен ұйым өкілдері қатысты. Олар майдан даласында жанын пида еткен ерлерге құрмет көрсетіп, бір минут үнсіздіпен еске алды. Кейін жиын мерекелік концертке ұласты.

Жиналған көпшілік сап түзеп, Жеңіс стелласына беттеді. Салтанатты іс-шараға өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов, зиялы қауым өкілдері, әскерилер, түрлі қауым өкілдері мен жастар қатысты. Ата-баба рухына тағзым етуге келген жұртшылық ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мұнда жүргендердің бірі — әкесін, бірі — атасын қан майданға аттандырған. Сол себепті олар үшін бұл күн — жай ғана тарихи дата емес, жан жарасына айналған естеліктің күні.

СНХ: РАИСА ФУНДОВАЯ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


Жеңіс саябағына соғыста ерлікпен қаза тапқан ата-бабаларының рухына тағзым етуге келгендер қарасы көп болды. Бұл халықтың өткенге деген құрметі мен ерлікке бас июінің айғағы.

СНХ: ГҮЛНӘЙРАШ АРҒЫНБАЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


СНХ: ИМАНҒАЛИ ТӘТВАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Салтанатты іс-шарадан кейін тұрғындар Жеңіс саябағындағы сахна маңына жиналды. Мұнда жиналған жұртшылыққа жергілікті әншілер мен полиция департаменті қызметкерлерінің арнайы концерттік бағдарламасы ұсынылды.

СНХ: АМАНГЕЛДІ ЕСМАҒАМБЕТОВ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ


Бір сағатқа созылған мерекелік концерт барысында көрермендер патриоттық әндерді тыңдап, соғыс жылдарындағы ерлікті еске түсіретін әсерлі көріністерге куә болды.