Солтүстік Қазақстан облысында Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқан жандарды ұлықтау жалғасуда. 9 мамыр қарсаңында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов пен Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев тыл ардагері Рашит Сәдуақасұлы Белогоновты құттықтады.
Жеңіс күні қарсаңында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов пен Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев тыл еңбеккері Рашит Белогоновты құттықтады. Ардагерге жылы лебіздер мен гүл шоқтары ғана емес, арнайы марапат – мерейтойлық медаль да табысталды.
СНХ: Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі
Соғыс басталғанда Рашит Белогонов бар болғаны 11 жаста еді. Қиындық атаулыны түсіне қоймаған балалық шақта ол үлкендердің қатарына қосылып, эвакуацияланған зауыттың цехында еңбек ете бастады. Қиын-қыстау заманда аянбай тер төгіп, жеңіс үшін жанын салды. Ол – мыңдаған баланың бірі еді, бірақ ешқашан мойымады.
СНХР: Ринат Белогонов, Петропавл қаласының тұрғыны
Бүгінде 94 жасқа келген Рашит Сәдуақасұлының ғұмыры – ерлік пен еңбектің шынайы үлгісі. Аштық, жоқшылық, ауыр еңбек – бәрін бастан өткерсе де, өз ісіне адал болды. Кәсібіне деген құрметі, өмірге деген сенімі мен қайсар рухы оны әрдайым ал