Негізгі Жаңалықтар Egov порталында қамқоршылар үшін жаңа қызмет түрі іске қосылды

Egov порталында қамқоршылар үшін жаңа қызмет түрі іске қосылды

Енді елімізде қамқоршылар мен қорғаншылар өз қамқорлығындағы азаматтардың мүлкін басқаруға рұқсат алу үшін үйден шықпай-ақ, онлайн өтініш жібере алады. EGov порталында жаңа қызмет түрі пайда болды. Сондай-ақ, зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді алу үшін де жаңа қызмет қолжетімді. Бұл жүйе - бұрынғыдай көп қағаз жинауды азайтпақ. Өтініш берілген соң, жауап 19 жұмыс күні ішінде өтініш иесінің Жеке кабинетіне жолданады. Қажет құжаттарды қағаз түрінде де тапсыруға болады.

Бөлісу