Жеңістің 80 жылдығына орай елімізде түрлі ауқымды іс-шаралар өтіп, ардагерлерге айрықша құрмет көрсетіліп жатыр. Облыс әкімі Ғауез Нұрмахамбетов соғыс ардагері Федор Щегловты мерекемен құттықтап, оған Мемлекет басшысының атынан құттықтау хаты мен мерейтойлық медальді табыс етті.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қала тұрғыны, қарт майдангер Фёдор Щегловтың шаңырағында болды. Ардагермен әңгіме барысында өңір басшысы оған ерлігі, жанқиярлығы және Жеңіске қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс білдірді.

Ғауез Торсанұлы ардагерге Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып, мерейтойлық медаль табыстады. Фёдор Васильевич бүгінде 98 жаста. Соғыс жылдары майдангердің әлі күнге жадында. Өскелең ұрпақ біздің көргенімізді көрмесін дейді қария.

СНХР: ФЁДОР ЩЕГЛОВ – ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ


Фёдор Васильевич майдаға 17 жасында аттанған. Соғыстан аман-сау елге оралғасын саналы ғұмырын құрылыс саласына арнапты.