Қызылжар ауданының тұрғыны, 101 жастағы Хадиша Бекназарова саналы ғұмырын ауал-шаруашылығы саласына арнаған жан. Кейуана бүгінде артынан ерген сегіз баласынан 19 немере, 41 шөбере мен 4 шөпшек сүйіп отыр. Бір ғасырдың куәсі болған тыл еңбеккерін ұлы жеңістің 80 жылдығы қарсаңында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов шаңырағына арнайы барып құттықтады.
Хадиша Бекназарова 1924 жылдың бірінші қаңтарында Солтүстік Қазақстан облысы,қазіргі Шал ақын ауданындағы Социал ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Әке -шешесі қарапайым шаруа адамдары. Дүниеден ерте өтіпті. Хадиша әжейдің екі ағасы майданға аттанған. Бірі ұрыс даласында ерлікпен қаза тапса, бір ағасы елге аман-сау оралыпты. Ал кейуана болса соғыс жылдары егіс алқабында, бейбіт заманда ауылшаруашылығы саласында бел жазбай еңбек еткен. Жасы келгенде тұрмыс құрып, сегіз құрсақ көтеріпті.
СНХ: МАРАТ БЕКНАЗАРОВ - Х.БЕКНАЗАРОВАНЫҢ ҰЛЫ
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында 101 жастағы тыл еңбеккерін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов арнайы құттықтап, ел Президенті атынан Хадиша Бекназароваға мерейтойлық медаль табыстады.
Бір ғасырды еңсерсе де Хадиша әжеміз әлі тың. Өмірдің ауыртпалығына мойымаған қария,- жатсам-тұрсам әрдайым еліме амандық пен бейбіт өмір бер деп Алладан тілек тілеймін,- дейді. Ғасыр куәсінің тілеген тілегін Алла әрдайым қабыл етсін.