СНХ: АҚЖҮНІС МҰҚАТАЙ, ТІЛШІ:

- 7-ші мамыр – Отан қоғаушылар күні қала орталығында орналасқан Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Салтанатты жиынға зиялы қауым өкілдері, әскерилер мен қала трғындары қатысып, ұлы тұлғалардың рухына тағзым етті.

Бұл күн – ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында жанын қиған және қазіргі таңда ел қорғанында тұрған жауынгерлерге құрмет көрсету күні. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі патриоттық шаралар өтіп жатыр.

СНХ: ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙ, «ҚЫЗЫЛЖАР-АҚПАРАТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ


Солтүстік Қазақстанның киелі топырағында тұрған бұл ескерткіш – ғасырлар қойнауынан сыр шертеді. Ағынтай мен Қарасай – қазақ жерінің тұтастығы үшін жанын қиған хас батыр. Бүгін олардың ұлықтауға жиналған халықтың қарасы қалың болды.

СНХ: ШЕГЕБАЙ НҰРҒОЖИН, АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


СНХ: СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ


Салтанатты жиын бір минут үнсіздікпен аяқталды. Қатысушылар қаза тапқан батыр ерлердің рухына тағзым етті.